![Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының жұмысымен танысты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59282.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Қазақстан-Қостанай» облыстық телерадиокомпаниясының жұмысымен танысып, биыл 25-жылдық мерейтойын өткізгелі отырған телеарнаға сәттілік тіледі.
Архимед Бегежанұлы облыс баспасөз мұражайымен, телеарнаның техникалық жабдықталуымен, арнаның ұжымымен танысқан соң, ғимаратта орналасқан «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының баспасөз клубында өңір журналистеріне арнап брифинг-мәслихатын өткізді.
Жүздесуде өңірдің экономикалық және әлеуметтік ахуалы, тыныс-тіршілігі, алда тұрған міндеттер мен мақсаттар жөнінде баяндама жасалып, тілшілердің сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының жұмысымен танысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108677/)