![Елбасы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59293.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгіме барысында екі мемлекеттің басшылары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын одан әрі нығайту жайын талқылады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен А.Лукашенко халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шараларға тоқталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108687/)