![«Шалқар» радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасында жаңа айналым басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59340.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Шалқар» ұлттық радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасы жалғасуда. Байқаудың алтыншы айналымы басталды. Бұл кезеңде тыңдармандар назарына 12 жаңа ән ұсынылды. Іріктеу төрт апта бойы жүргізіледі.
«Домбырасыз сән қайда?» - «Ханзада» тобы
«Сағынып жүрмін» - Бижігіт Исмағұлов
«Көрші қызы» - «Диета.kz» тобы
«Отыздан асып барамын» - Айқын Төлепберген
«Жарқыраған жаңа күн» - Қанағат Жалғасбева
«Ұлттық ұлан» - Мейірбек Тәңірбергенов
«Туған күн» - Меңдеш пен Ақмарал
«Тағы, тағы» - Абай Бегей
«Көршім-ай» - Мақсат Ынтықбаев
«Қарттар мұңы» - «Заман тобы»
«Жаса, қазағым!» - Дәурен Оқапов
«Шаттығым» - Данияр Мүптеке
Ереже бойынша, shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған әуен жылдық байқауға жолдама алады. Сондай-ақ, үздік әуен радионың «Алтын қорына» тапсырылады.
Айта кетейік, «Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Ерекшелігі - үміткердің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады.
Сондай-ақ, байқауда әуесқой әншілердің де бақтарын сынауға мүмкіндіктері бар екенін естеріңізге саламыз. Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар.
Бағдарлама әуе толқынына әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-де шығады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шалқар» радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасында жаңа айналым басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108734/)