![«Сенбілік таң» бағдарламасы дүниеге үш рет егіз бала әкелген Райкүл Рапишеваның шаңырағында](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59350.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Дүниеге сәби әкелу – ерлік. Ал, қатарынан үш рет егіз балаларға өмір сыйлау сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес ерлік.
Ол қуанышты батыр ана былайша еске алады: «Күйеуім бір үйдің жалғызы болғандықтан оның қуанышында тіпті шек болмады. Егіз ұлым дүниеге келгенде, оларға Асан – Үсен деген сыңар есім берілді. Егіздер екі жасқа толғанда, тағы да егіз ұлды дүниеге алып келдім. Оларға да Ержан – Нұржан деген сыңар есім бұйырды. Екі рет егіз туған соң, араға үш жыл салып үшінші егіз қызды тудым. Қос қыздың атын Гүлмира – Эльмира деп қойдық. Ұл-қыздарымның барлығының есімін енемнің әпкесі Қыздаркүл әже қойған».
Дүниеге қатарынан үш мәрте егіз бала әкелген алтын құрсақты батыр ана, еңбек ардагері Райкүл Рапишеваның отбасымен сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Сенбілік таң» бағдарламасы дүниеге үш рет егіз бала әкелген Райкүл Рапишеваның шаңырағында&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108741/)