![KazNews қызметінің тың жаңалықтарын көріңіздер](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59367.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ұлттық арна тілшілері сенбі күні де бұқараға төрткүл дүние мен еліміздегі маңызды оқиғалар жайында мәліметтер береді. Бүгін KazNews-тен көретіндеріңіз:
• Үш тұғырлы тіл - уақыт талабы. Елордамыздағы білім беру мекемелері 2020 жылға дейін толықтай үш тілді білім беру жүйесіне көшеді.
• Жапония СІМ: Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Ал, елде тағы да 7,4 баллдық жел сілкінісі болып, құрбан болғандар саны 21-ге жетті.
• Астанада ақын Ханбибі Есенқараева Ұлттық кітапханада оқырмандарымен кездесті.
• Ресейдің Барнаул қаласының тұрғыны «Әлем уақыты» атты жекеменшік музей ашып қойған, бұл музейде қазақ тарихына қатысты жәдігерлер де аз емес.
• Ақтауда массаж жасаушы маман сырқат балаларға тегін массаж жасап жүр. Ал, астаналық қайырымды жандар лейкозбен ауыратын 7 жасар қыз баланы емдетуге көмектесуге бел буды.
• Ақтөбе қаласының тұрғындары жаппай сенбілікке шықты. Мемлекеттік мекемелер, жеке кәсіпкерлік нысандары қызметкерлері мен жастар қала сыртындағы полигонға 4 жарым мың тонна қоқыс шығарған.
• Әйгілі Медеу шатқалына 5000 түп ағаш отырғызылды. Бұл Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде атқарылып жатқан ілкімді істердің бір бөлігі ғана.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=KazNews қызметінің тың жаңалықтарын көріңіздер&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108755/)