![Чили астанасының 3 миллионға жуық тұрғыны ауызсусыз отыр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59386.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Чили астанасы Сантьяго қаласының 3 миллионға жуық тұрғыны Майпо өзені суының ластығынан ауызсусыз қалды. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі хабарлады.
«Толассыз құйған нөсер жаңбыр Майпо өзенін лайлады, бұл келеңсіз жағдай 3 миллионға жуық адамның ауызсусыз қалуына ұрындырды», деп мәлімдеді Сантьяго губернаторы Клаудио Оррего.
Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, су беруді тоқтату кем дегенде бір тәулікке созылмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Чили астанасының 3 миллионға жуық тұрғыны ауызсусыз отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108779/)