![Сауд Арабиясындағы химиялық зауытта болған жарылыста 12 адам қаза тапты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59387.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сауд Арабиясындағы химиялық зауытта болған жарылыс салдарынан 12 адам қайтыс болып, тағы 11-і жараланды, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.
Өрт елдің солтүстік-шығысында орналасқан Эль-Джубайль қаласындағы Jubail United Petrochemical компаниясының зауытында, жергілікті уақытпен 11:40-та болған.
Жергілікті Saudi Press Agency агенттігінің хабарлауынша, өрт техникалық қызмет ету жұмыстары кезінде басталған. Өрт себептері әзірге белгісіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сауд Арабиясындағы химиялық зауытта болған жарылыста 12 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108780/)