![Үндістанда опера труппасы мінген автобус құзға құлап, 25 адам қайтыс боды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59408.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Үндістанда опера труппасы мінген автобус тереңдігі 76 метр болатын шатқалдан құлап, ең кемі 25 адам мерт болды, 11-інің жағдайы ауыр, деп жазады Би-би-си.
Автобуста 40 адам болған, оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. Автобус Орисса штатындағы жолда кілт бұрыла беріп, құлап кеткен.
Үндістанда жолдағы қауіпсіздік деңгейі өте төмен: жыл сайын он мыңдаған адам жылдамдықты асыру, трассалар жағдайының нашарлығы және автопарктың тозуы салдарынан қаза тауып жатады.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда опера труппасы мінген автобус құзға құлап, 25 адам қайтыс боды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108803/)