![Головкин мен Уэйд жекпе-жектен 1 апта бұрынғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59409.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен америкалық боксшы Доминик Уэйд (18-0, 12 КО) жекпе-жектен 1 апта алдыңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Геннадий Головкиннің салмағы 164 фунт (74.4 келі), ал, Уэйдтің салмағы – 166 фунт (75.3 келі) болды. Бір ай бұрынғы салмақ өлшеу рәсімінде де Геннадий Головкин 164 фунт (74.4 келі) шыққан еді.
Айта кетейік, 24 сәуір күні өтетін Геннадий Головкин-Доминик Уэйд жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы таңғы сағат 07:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Головкин мен Уэйд жекпе-жектен 1 апта бұрынғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108804/)