![«АрселорМиттал Теміртаудың» бас директоры ауысты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59442.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Енді кәсіпорынды Парамжит Калон басқаратын болды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«2016 жылдың 1 мамырынан «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын ArcelorMIttal компаниясының вице-президенті және топтың басқарушы комитетінің мүшесі Парамжит Калон басқарады. Калон ТМД «АрселорМиттал Теміртаудың» бас директоры болды. Бұған дейін ол «АрселорМиттал Кривой Рог» ӨАҚ бас директоры қызметін атқарды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қаржы директоры болып Ашок Кумар Сонталия тағайындалды.
Ол осыған дейін ArcelorMIttal бас менеджері болған. Ол 1 мамырдан жаңа қызметіне кіріседі.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«АрселорМиттал Теміртаудың» бас директоры ауысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108836/)