![Головкин-Уэйд жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59462.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Калифорния штатының бокс комиссиясы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен америкалық боксшы Доминик Уэйд (18-0, 12 КО) жекпе-жегінің төрешілерін анықтады, деп хабарлайды Fightnews.com.
Кездесудің 3-ші рефериі болып Джек Рейсс таңдалды. Ал, Пэт Рассел, Стив Морроу және Аделаид Берд шаршы алаңның сыртында төрелік етеді.
Айта кетейік, Головкин-Уэйд жекпе-жегі 23 сәуір күні (Астана уақытымен 24 сәуір) АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Форум» аренасында өтеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты жекпе-жекті 24 сәуірде 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Головкин-Уэйд жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108858/)