![Геннадий Головкин: Мейвезер мен Пакьяо рингке қайта оралуы мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59502.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
WBA (Super), IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин қазіргі кездің ең танымал боксшылары - кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо кәсіби бокстан кеткені жайлы мәлімдегенмен, қайта оралуы әбден мүмкін деп санайды, деп жазады sports.kz.
«Пакьяо бокстан кетеді деп ойламаймын. Мэнни мен Флойд - ақылды жігіттер. Бұл - бокс», - деді Головкин
«Флойд пен Мэнни рингке қайта оралады дегің келе ме?» деген сұраққа қазақстандық спортшы: «Иә. Оралуы әбден мүмкін», - деп жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин-Уэйд жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 24 сәуір күні таңғы сағат 07:00-де тікелей эфирде ұсынады және «Казмедиа Орталығының» лэд-экрандарында көрсетіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Геннадий Головкин: Мейвезер мен Пакьяо рингке қайта оралуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108900/)