Тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күні 1983 жылдан бастап атап өтіледі. ЮНЕСКО-ның жанынан құрылған кеңестің ассамблеясы бекіткен тізімде әлемнің 175 мемлекеті бар. Солардың бірі – тарихи мұраға бай Қазақ елі.
Ғалымдардың болжауынша, ертеректе бұл аймақта 600-дей қорған болған екен. Қазір қалғаны 150-дей ғана. 422 гектардан асатын Есік қорық-мұражайының қорғау аймағына 2 қалашық пен 80-нен аса сақ қорғаны кіреді.
Терең зерттеуді қажет етіп тұрғандары көп. Дегенмен, бәрі уақыт еншісінде. 1970 жылы осы аймақтан «Алтын адамды» тапқан экспедицияның құрамында болған тарихшы-археолог Бекмұхамет Нұрмұхамедұлы «Қорғандарды зерттеу барысында қазып, тастап кете беруге болмайды. Зерттеліп болған соң қайта жауып немесе ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру жолға қойылуы тиіс», дейді.
Бекмұхамед Нұрмұхамедұлы осы жерде Америка ғалымдарымен бірлесіп, зерттеу жүргізген. Қазба жұмыстары барысында 15 жебе мен аттың ауыздығы табылған. Ол кезде бұл жер Автомобилист ықшам ауданына тиесілі болған. Біраз уақыттан соң, жұмыс тоқтатылып, айналасына тұрғын үйлер салынып кеткен.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.