![Головкин екеуіміз өзара мықтыны анықтайтын боламыз - Сауль Альварес](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59535.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мексикалық боксшы Сауль Альварес ESPN шолушысы Дэн Рафаэльге берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен болуы мүмкін жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Sports.kz.
«Головкин екеуіміз өзара мықтыны анықтайтын боламыз. Мен де, жанкүйерлер де бұл кездесуді қалайды. Оның қашан өтетінін білмеймін. Қазір Ханмен жұдырықтасуға дайындалып жатырмын», - деді Канело.
Головкиннің алдағы жекпе-жегі 23 сәуірде өтеді. «Жеңілмегендер» бокс шоуы аясында Геннадий америкалық Доминик Уэйдпен кездеседі. Альварес пен Амир Хан шаршы алаңға 7 мамырда шығады.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин – Уэйд кездесуін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты таңғы сағат 07:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Головкин екеуіміз өзара мықтыны анықтайтын боламыз - Сауль Альварес&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108928/)