![Қарағандыда Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59543.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін аталмыш топ Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі» кеңейтілген көрме-экспозициясын өткізді, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Онда облыс музейлері мен қолөнер шеберлерінің және суретшілердің 500-ден астам жәдігерлері қойылған. Сонымен қатар, бүгін делегацияны бастап барған топ жетекшілігі Қарағандыдағы БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, сондағы цирк манежінде «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің «Таңғажайып керуен» бағдарламасы өтеді.
Ал 21-22 сәуір күндері өтетін мәдени іс-шараларына тоқталсақ, ертең де «Оңтүстік-Цирк» ұжымы өз бағдарламасын қайталаса, өңіріміздің өзге де өнер майталмандары «Бірлігі жарасқан – Мәңгілік ел» гала концертін өткізеді.
22 сәуір күні Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының ұжымы С.Досановтың «Тозақ шеңбері» трагедиясын көрермен назарына ұсынады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108936/)