Геннадий Головкин Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жек алдында допинг тексеруден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жек алдында допинг тексеруден өтті

21.04.2016
Геннадий Головкин Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жек алдында допинг тексеруден өтті

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жек алдында допинг тексеруден өтті.

Бұл туралы Г.Головкиннің бапкері Абель Санчес ашық жаттығу кезінде айтты. «Геннадий екі күн бұрын допинг тексеруден өтті. Оның күші көп жаттыққанның нәтижесінде пайда болады», - дейді А.Санчес.

Айта кетейік, жекпе-жекті 24 сәуірде 07:00-ден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, кездесуді «Қазмедиа Орталығының» лэд-экрандарынан тамашалайтын мүмкіндіктеріңіз бар.

Сондай-ақ, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жанкүйерлер арасында екі Samsung Galaxy A3 смартфонын ойнатуда. Оның шарттары Kaztrk.kz сайтында орналасқан.

Хабарламаларға жазылу