![Головкин-Уэйд жекпе-жегінің нәтижесін тап та, Samsung смартфонын ұтып ал](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59622.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
23 сәуір күні (Астана уақытымен 24 сәуір) WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жекке шығады.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты жекпе-жекті 24 сәуірде 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды.
Енді, назар аударыңыз! Осыған орай көрермендер арасында байқау жарияланады. Оның шарты бойынша, қатысушылар жекпе-жектің нәтижесін, яғни кімнің, қалай және қашан жеңіске жететінін болжам ретінде дұрыс әрі нақты табулары керек.
Жауаптарыңызды мына сілтеме арқылы өтіп, берулеріңіз қажет. Байқау жекпе-жек басталғанға дейін жалғасады. Жеңімпаз сол күні анықталады. Айта кетейік, бағалы сыйлықты кездесу нәтижесін нақты анықтаған көрермен иеленеді.
Олай болса, барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Головкин-Уэйд жекпе-жегінің нәтижесін тап та, Samsung смартфонын ұтып ал&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109015/)