![Эквадордағы жер сілкінісінің құрбандары 646 адамға жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59722.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Эквадор президенті Рафаэль Корреа тербелісі 7,8 балл болған жойқын жер сілкінісінің құрбандар саны 646 адамға өскенін хабарлады, деп жазады Gazeta.ru.
Тағы 130 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Президент сондай-ақ, 12,5 мың адам жарақаттанғанын айтты.
Шұғыл қызметтердің мәліметтері бойынша, зілзала салдарынан 7 мыңға жуық ғимарат қираған, 2,7 мыңы бүлінген. Ел аумағы бөлігінде төтенше жағдай жарияланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Эквадордағы жер сілкінісінің құрбандары 646 адамға жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109116/)