![«Өрмекші адам» атанған Ален Робер Алматыдағы «Еsentai Tower»-дің төбесіне шықты (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59738.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Өрмекші адам» атанған әйгілі франциялық құзға өрмелеуші Ален Робер Алматыдағы металл мен әйнектен соғылған «Еsentai Tower» ғимаратының төбесіне өрмелеп, жергілікті жұртшылыққа үлкен шоу ұсынды.
Ол биіктігі 168 метрлік нысанның 38-ші қабатына 1 сағат 20 минутта жетті.
«Жел соқса да, жаңбыр жауса да алған бетімнен қайтпаймын», -деді ол шоу алдында журналистерге берген сұхбатында.
Ален Робер бұған дейін Нью-Йорктегі «Hilton» қонақүйі, Барселонадағы «Torre Agbar» сынды нысандарды бағындырған.
Ал, Дубайдағы 828 метрлік «Бурдж-Халифа» ғимаратына алты сағат бойы өрмелеп шығып, Гиннестің рекордтар кітабына енген.
«Құзға өрмелеу, зәулім ғимаратқа шығу - екеуі де қиын нәрсе. Кез келген құрылыстың өз кедергісі болады. Оның барлығы өте ауыр және күрделі. Алайда, бір биіктен келесі биікке жеткен сайын тәжірибең молая береді. Ерік-жігерің де еселене түседі», дейді ол.
«Еsentai Tower» ғимаратының қабырғасы теп-тегіс болғандықтан, ұйымдастырушылардың талабы бойынша спортшы сақтандыру құралдарына жүгінген. «Өрмекші адамның» өнерін тамашалауға жиналғандарда есеп болмады.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Өрмекші адам» атанған Ален Робер Алматыдағы «Еsentai Tower»-дің төбесіне шықты (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109135/)