![«Балапан» телеарнасы «Менің елім» атты республикалық сурет байқауын жариялайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59755.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Балапан» телеарнасы Балаларды қорғау күніне орай «Менің елім» тақырыбында республикалық сурет байқауын жариялайды. Сайысқа 6-8 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Байқау шарттары:
1) Сурет форматы А3 болуы қажет;
2) Туындыны жиектемеге (рамка) салу керек;
3) Автордың аты-жөні, жасы, тұрғылықты жері және байланыс телефоны көрсетілуі тиіс.
Жұмыстар 25 мамырға дейін қабылданады. Үздік суреттер Астана қаласында өтетін көрмеге қойылады.
Мекенжайы: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Балапан» телеарнасы «Менің елім» атты республикалық сурет байқауын жариялайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109152/)