![Қазақстанда жаңбыр жауып, елдің батысында шаңды дауыл көтеріледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59871.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазгидрометтің» болжамынша, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күн суық болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар бөліктерінде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, шаңды дауыл көтеріледі.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 17-22 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында да тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе облысында кей жерлерде жел 18 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтары тұманды болады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытып, ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді. Ақтөбе облысында кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда жаңбыр жауып, елдің батысында шаңды дауыл көтеріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109263/)