![1 мамыр күні «Kazsport» телеарнасы Головкин-Уэйд жекпе-жегінің қайталауын көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59904.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізген болатын.
Головкин-Уэйд жекпе-жегінің қайталауын «Kazsport» телеарнасы алдағы жексенбі күні сағат 23:00-02:30 аралығында көрсетеді. Сондай-ақ, Головкин-Уэйд адекратындағы толық 5 жекпе-жекті де назарларыңызға ұсынады. Сонымен қатар, жекпе-жекті Kazsporttv.kz сайты арқылы онлайн тамашалай аласыздар.
Еске сала кетейік, 24 сәуір күні Геннадий Головкин америкалық боксшы Доминик Уэйдті 2 раундта нокаутпен жеңген болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=1 мамыр күні «Kazsport» телеарнасы Головкин-Уэйд жекпе-жегінің қайталауын көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109296/)