![Мәскеуде «Бауырсақ» атауымен қазақстандық өнімдердің дүкені ашылды (ФОТО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60006.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінің ықпалдасуымен қазақстандық өнімдердің дүкені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл «Бауырсақ» бөлшектік сауда желісінің бесінші дүкені. Ресейлік нарықтағы 4 жылда бұл желі ірі қазақстандық сауда марка өкілдерімен ынтымақтасуда. Барлығы 30-дан астам қазақстандық өндірушімен байланыс орнатқан.
«Қазақстанда туғанмын, Мәскеуде тұрып жатқаныма 20 жыл болды. Үйде жеген тағамдарды жиі еске алатынмын. Отаныма барғанда Мәскеуге азық-түлік әкелетінмін. Кейін Мәскеуде қазақстандық өнімдердің дүкенін ашу ойыма келді», - деді «Бауырсақ» сауда желісін ұйымдастырушы Елена Қондақова.
Е.Қондақованың сөзіне қарағанда, бастапқыда қазақстандық өнім көрмелерге қойылған. Кейін қазақстандық өнімді бағалаған сатып алушылар тауарды үнемі жеткізіп тұруын сұраған. Нәтижесінде дүкендер ашыла бастады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеуде «Бауырсақ» атауымен қазақстандық өнімдердің дүкені ашылды (ФОТО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109402/)