![АЭФ-2016 шеңберінде Қазақстанның үздік студенттері үшін іс-шаралар жоспарлануда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60026.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2016 жылғы Астана экономикалық форумы шеңберінде жоғары оқу орындарының үздік студенттері үшін Spring Astana Economic Schoolіс-шаралар серияларын өткізу жоспарланған. Форумға Қазақстан ЖОО-ларының экономика және қаржы мамандығы бойынша 2-3 курста оқитын үздік студенттері шақыртылады, мұнда оларға Нобель сыйлығының лауреаттарымен дәрістер, әлемдік жетекші экономистер және табысты кәсіпкерлермен шеберлік сыныптары мен семинар-тренингтер ұйымдастырылады.
Spring Astana Economic School Қазақстан студенттерініңбілім деңгейін арттыру, кәсіби дамуына жәрдемдесу, ғылыми әлеуетін ашу, экономика, қаржы, бизнес саласында үздік әлемдік тәжірибелермен араластыру жолы арқылы ғылыми-зерттеушілік қызметкежұмылдыруға бағытталған.
Іс-шараға қатысқысы келетін студенттерге аталмыш іс-шараға тіркелу http://portal.nac.gov.kz сілтемесі бойынша 2016 жылдың 10 мамырына дейін ашық болатындығын хабарлаймыз, тел.: +7 7172 57 62 00. Үздік студенттерді іріктеу жұмысын Ұлттық талдау орталығы байқаулық негізде жүргізеді. Ағылшын тілін жетік білетін студенттерге артықшылық беріледі.
Ұйымдастырушылар:
ҚР Білім және ғылым министрлігі
ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Nazarbayev University
«Экономикалық зерттеулер инстиуты» АҚ
«Ұлттық талдау орталығы» АҚ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АЭФ-2016 шеңберінде Қазақстанның үздік студенттері үшін іс-шаралар жоспарлануда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109418/)