![Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60080.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, тек республиканың солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін күн суытады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109470/)