![«Білгірлер бәйгесі» зияткерлік сайысы бүгіннен бастап эфирде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60123.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының эфирінен өткен «Білгірлер бәйгесі» зияткерлік бағдарламасы бүгіннен бастап журналист Қанат Әуесбайдың жүргізуімен қайта эфирге шықпақ.
«Білгірлер бәйгесі» ойыны - командалық сайыс. Оған мемлекеттік қызметкерлер, министрлік өкілдері, қауымдастық мүшелері мен түрлі ұйымдардың мамандары шақырылады. Яғни, бағдарламада еңбек ұжымдарының қызметкерлері іскерлік қырларынан бөлек, зияткерлік қабілеттерін танытатын болады.
Әр ойында әрқайсысы 5 адамнан құралған екі топ білім сайыстырады.
Мақсат - қоғамға әдебиет, тарих, мәдениет тақырыптарын насихаттай отырып, еңбек ұжымдарындағы корпоративтік рухты көтеру.
Бағдарлама эфирге аптасына бір рет, әр жексенбі сайын сағат 11:00-де шығады. Толығырақ...
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Білгірлер бәйгесі» зияткерлік сайысы бүгіннен бастап эфирде &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109556/)