![Қанат Ислам колумбиялық Хуан Де Анхельді техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60215.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Кәсіпқой бокстан WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Қанат Ислам АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында өзінің 21-ші кезедсуін өткізді. Ол бұл жекпе-жегінде колумбиялық былғары қолғап шебері Хуан Де Анхельді 6-шы раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Қ.Ислам кәсіпқой рингтегі 21-ші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, қарсыласын 18-ші рет нокаутқа жіберді. Ал, Анхель үшін бұл 4-ші жеңіліс. Бұған дейін ол 18 рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен.
Айта кетейік, бокс кешін және жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен таңғы 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қанат Ислам колумбиялық Хуан Де Анхельді техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109604/)