![Анджелина Джоли әлемдегі ең құрметті әйел атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60223.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
YouGov зерттеу компаниясы жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша актриса Анджелина Джоли әлемдегі ең құрметті әйел атанды.
Сондай-ақ, ондыққа II Елизавета патшайымы, АҚШ президенттігіне кандидат Хиллари Клинтон, АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама, Германия канцлері Ангела Меркель енді.
Ерлер арасында Microsoft компаниясының негізін қалаған Билл Гейтс көш бастап тұр, екінші орында – АҚШ президенті Барак Обама. Үшінші орынды Қытай басшысы Си Цзиньпинь, төртінші орынды актёр Джеки Чан және бесінші орынды физик Стивен Хокинг иеленген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Анджелина Джоли әлемдегі ең құрметті әйел атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109613/)