![Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Белгісіз солдат бейітіне гүл шоқтарын қойды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60249.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа барды, сондай-ақ Белгісіз солдат бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Мәскеудегі әскери парадқа 10 мыңнан астам әскери қызметшілер мен 100-ден аса заманауи қару-жарақ және әскери техника қатысты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Белгісіз солдат бейітіне гүл шоқтарын қойды &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109640/)