![Жапонияда аптап ыстық салдарынан 596 адам ауруханаға түсті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60259.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы ТЖМ мен жедел жәрдем қызметін орындайтын елдің бас өрт басқармасы мәлім етті, деп хабарлады ТАСС.
Ведомствоның деректері бойынша ыстықтан зардап шеккендердің 40 пайызы егде адамдар.
Сәуірдің соңында - мамырдың басында Жапонияның басым бөлігінде ыстық ауа райы тіркелді. Термометр бағаны 30 градусқа дейін көтерілді. Жапондық метеорологтар биыл Тынық мұхитында Эль-Ниньо және Ла-Нинья климаттық феномендердің ықпалынан жаз ыстық болады деп болжайды.
Өткен жылы Жапонияда аптап ыстық салдарынан 100-ден астам адам ажал құшып, 53 адам ауруханаға жатқызылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапонияда аптап ыстық салдарынан 596 адам ауруханаға түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109652/)