![Оңтүстік Қазақстан облысы билік органдарында әйелдердің саны ең аз өңір болып саналады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60401.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сондай-ақ, биылғы өткен сайлауда жергілікті мәслихаттар құрамында да қыз-келіншектердің қатары артты. Алайда, Оңтүстік Қазақстан облысы - билік органдарында әйелдердің саны ең аз өңір болып саналады.
Мамандар оған аймақтың өзіне тән қалыптасқан менталитеті себеп дегенді алға тартады. Жергілікті мәслихаттағы депутаттар арасында әйелдер бар болғаны 5 пайыз. Сарыағаш, Бәйдібек секілді аудандарда халық қалаулысы атанғандар тіптен жоқ. Өңір басшымен кездесу барысында ұлттық комиссия басшылары осы мәселеге ерекше тоқталды.
«Гендерлік тәсілдің принциптері» тақырыбында өткен семинар-тренинг барысында әйелдердің жұмыспен қамтылуы, оларды саяси ілгерілету, кәмелетке толмаған қыздардың әдеп ұстанымы секілді мәселелерді талқыланды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Қазақстан облысы билік органдарында әйелдердің саны ең аз өңір болып саналады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109793/)