![Елімізде 10 жыл ішінде бала туу саны 47 пайызға артты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60462.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елімізде соңғы 10 жыл ішінде бала туу санының коэффициенті 47 пайызға артқан. Айтсақ, 2003 жылы 1000 тұрғынға шаққанда 12-ден келсе, 2013 жылы 23,5-ке өскен.
Бұл деректі Алматыда өткен акушер-гинекологтардың IX сьезінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтты. Сондай-ақ, аталған мекеме басшысы жиында медицина ғылымдарының докторы, профессор Нина Қайыпованы 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, Президенттің «Алғыс хатын» оқып берді.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде 10 жыл ішінде бала туу саны 47 пайызға артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109852/)