![Бангладеште екі күнде найзағай түсіп 50-ден астам адам қаза тапты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60518.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бангладеште найзағай ұру салдарынан 50-ден адам астам қаза тапты, деп хабарлады елдің полициясы. Қаза тапқандардың басым бөлігі - күріш алаңында жұмыс істеп жатқан фермерлер.
Құрбандардың ішінде астанадан екі студент бар, олар футбол ойнап жатқан болатын, манго тұқымын жинап жатқан жасөспірім де найзағай соғып көз жұмды.
Найзағай - Бангладештегі жиі орын алатын табиғи құбылыс. Биыл жылдағыдан да күштірек болуда, деп жазады шетелдік БАҚ.
Сарапшылар зілзаланы орташа жылдық температураның өсуімен, орманның жоғалуымен байланыстырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бангладеште екі күнде найзағай түсіп 50-ден астам адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109907/)