Өзбекстанда Қызылорда облыстық филармониясының гастролі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда Қызылорда облыстық филармониясының гастролі өтуде

15.05.2016
 Өзбекстанда Қызылорда облыстық филармониясының гастролі өтуде

Музыканттар төрт күн ішінде Самарқанд, Науаи, Гагарин, Шыршық қалаларында, Әйтеке бидің отанында болады.

Гастрольдің ресми ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев: «Қызылорда облысы немесе «Сыр елі - жыр елі» аңызға айналған қобызшы Қорқыт атаның туған жері екенін мақтан етеді. Сондай-ақ бұл өлке көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің, атақты әнші Роза Бағланованың, белгілі драма актрисасы Сәбира Майқанованың, көрнекті жазушы Әбдіжәміл  Нұрпейсовтің, шетелдерде Қазақстанның даңқын асырған спортшы Илья Ильиннің туған жері», - деп атап өтті.

«Қазақстандық әртістер жоғары кәсібилігімен, музыкалық талантымен, өзбек көрермендерінің ризашылығына бөленері сөзсіз», - деп атап көрсетті Е.Өтембаев.  

 

 

 

Хабарламаларға жазылу