![Техаста жолаушылар автобусы апатқа ұшырады: сегіз адам қаза тапты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60544.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші трассада көлікті басқара алмай, Рио-Грандтан Игл-Пасс қаласына бағыт алған автобус аударылды.
Жеті адам оқиға орнында ажал құшты, тағы біреуі алынған жарақаттар салдарынан ауруханада көз жұмды. Жалпы ауруханаға 44 адам жеткізілді. Автобус жүргізушісі аман қалды.
АҚШ-тың көліктегі қауіпсіздік бойынша Ұлттық кеңесі болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына өз мамандарын жөнелткенін мәлімдеді.
Техас губернаторы Грег Эббот қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтты.
Апатқа ұшыраған автобус OGA Charters чартерлік компаниясына тиесілі болған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Техаста жолаушылар автобусы апатқа ұшырады: сегіз адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109934/)