![Мексика жағалауына шығып қалған 24 дельфин қырылып қалды (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60548.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мексиканың Төменгі Калифорния штатындағы Сан-Фелипе қаласы аймағында жағалауға 27 дельфин шығып қалды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Табиғатты қорғау мекемесінің қызметкерлері 15 сағат бойы сүтқоректілерді қорғау үшін жанталасты. Нәтижесінде тек екі үлкен дельфин мен бір кішкентай дельфинді ғана құтқару мүмкін болды. Қалған жануарлар түгелдей қырылып қалған.
Қазір жергілікті билік дельфиндердің жағаға шығып қалу себебін анықтап жатыр.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мексика жағалауына шығып қалған 24 дельфин қырылып қалды (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/109939/)