![Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы неміс тіліне аударылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60611.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Поэма неміс тіліне қазақша түпнұсқасынан тікелей аударылып, Қазақстан-Гёте институтының қолдауымен «Büchergilde» (Германия) баспасында басылып шықты.
Поэманың неміс тіліндегі нұсқасының авторы - неміс жазушысы Герт Хайденрайх.
Қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, тарихы мен салт-дәстүрін неміс тілді оқырмандарға кеңінен таныстыратын «Құлагер» поэмасының алғашқы тұсаукесері биылғы наурыз айында Лейпциг қаласында кезекті халықаралық кітап жәрмеңкесінде (Leipziger Buchmesse) өткен еді.
2016 жылдың 25 - 27 мамыр күндері «Құлагердің» неміс тіліндегі аудармасының тұсаукесері Астана мен Алматы қалаларында да өтеді деп жоспарланған.
Аталған шараға осы жобаға қатысқан аудармашылар мен Ілияс Жансүгіровтің қызы - Ильфа Ілиясқызы арнайы шақырылып отыр.
Аударманың тұсаукесерін танымал тележүргізуші, ақын Жаңыл Асылбекова жүргізеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы неміс тіліне аударылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110001/)