![Алматы облысында орнитологиялық туризм дамып келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60617.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Орнитологиялық туризм Алматы облысында енді ғана дамып келеді.
«Аудан аумағында 1998 жылдың 5 сәуірінде ашылған Алакөл қорығы орналасқан. Қорық аумағына Алакөл көлдерінің сулы-батпақты жерлері, Сасықкөл акваториясы, Аралтөбе және Шұбартүбек аралдары кіреді. Алакөл ауданында «Алакөл қанаты» атты көктемгі экофестиваль төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл облыстағы ішкі туризмнің дамуына септігін тигізеді», - деп хабарлады Алматы облысы бойынша туризм басқармасынан.
Республикалық фестивальға қатысқан 50 бердвочер үш күн бойы құстардың 60-тан асқан түрін көріп қана қоймай, оларды таспаға түсіріп алды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында орнитологиялық туризм дамып келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110007/)