![Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60640.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
О.О.Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы
Қаулы етемiн:
1. Отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110030/)