![Қазақстандық азамат Google-да аға инженер қызметіне тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60693.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Google-да жұмыс істеп келген қазақстандық Ғалымжан Етеулин бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша аға инженер (Senior Softwаre Engineer) қызметіне тағайындалды.
«Ұлымды құттықтаймын!!! Ғалым Google-да қызметі өсіп, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша аға инженер (Senior Softwаre Engineer) қызметіне тағайындалды. Мен оны мақтан тұтам. Небары екі жыл бұрын ол тағы бір әлемге танымал компания AMAZON-да қызмет істеп жүріп, Google-ға ауысқан еді. Ғалым қазірдің өзінде бірнеше жобаның Tech Leader-і, бұған дейін бірнеше ірі жобаны жүзеге асырып үлгерді», - деп жазды Facebook-тегі парақшасына оның анасы Хафиза Баймұхан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық азамат Google-да аға инженер қызметіне тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110082/)