![«Айман-Шолпан» телехикаясының түсірілімі басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60711.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Айман-Шолпан» атты телехикаяның түсірілімі басталды. Іске кірісу алдында киногерлер тәрелке сындыру ырымын жасады. «Айман-Шолпан» телехикаясы – егіз қыздың тағдыры туралы.
«Өзіңізден аумайтын адамды елестетіп көріңізші. Мұндай жағдайда не істейсіз? Біздің телехикаяда басты кейіпкер ойда-жоқта өзіне қатты ұқсайтын қызбен кездесіп қалады. Әрі қарай шым-шытырық оқиғалар басталады. Фильмде қылмыс та, арам ақша да, астыртын әрекеттер де бар. Әлбетте, туындыда махаббатқа көп көңіл бөлінген»,-дейді «Көркемфильм» кинокомпаниясының бас продюсері Рустам Азаматов.
Фильмге егіз қызды табу оңайға соқпады. Жоба жетекшілері бүкіл республикаға кастинг жариялаған. Кастингте 20-30 жас аралығындағы 73 жұп бақ сынап көрді. Тіпті, Ұлыбритания мен Татарстаннан да үміткерлер қатысты.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Айман-Шолпан» телехикаясының түсірілімі басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110101/)