![Түркістанда кітапханашылардың республикалық семинары өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60808.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
19-20 мамыр күндері Түркістан қаласында, Ахмет Ясауи университеті Ғылыми кітапханасы базасында «Кітапхана жоғары оқу орнының ақпарат-білім беру ортасында: дәстүрлер және инновациялар» атты республикалық семинар өтті.
Семинарға Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы өкілдері, университеттің жетекші менеджмент және маркетинг оқытушылары қатысты. Сондай-ақ, IT-мамандар, ұлттық жоғары оқу орындары мен республиканың мемлекеттік ЖОО ғылыми кітапханаларының басшылары мен мамандары арнайы келді.
Семинар жұмыстары «Жоғары оқу орындары кітапханасының әлеуметтік-мәдени қызметі», «Қазіргі заманғы жоғары оқу орындары кітапханасының қызметкерлер құрамын басқару - іскерлік қатынас жөнінде тренинг», «Заманауи ақпарат технологиялары және жоғары оқу орындары кітапханасын ресурспен қамсыздандыру» секциялары бойынша жалғасты. Қонақтар дәстүрлі және электрондық тасымалдау түріндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік басылымдары көрмесін де аралап, оң бағасын берді, деп хабарлайды аталған ЖОО-ның ақпарат орталығынан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістанда кітапханашылардың республикалық семинары өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110198/)