![Германия мен Францияда өтетін хоккейден 2017 жылғы әлем чемпионатының бюджеті жария етілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60859.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Германия мен Франциядағы хоккей бойынша 2017 жылғы әлем чемпионатының бюджеті €24 млн асады. Бұл туралы турнирге арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
Әлем чемпионаты 5 және 21 мамыр аралығында немістің Кельн қаласындағы «Ланкесс-Аренасында» және Франция астанасы Парижде «Берси» сарайында өтеді. 64 матчтың 34 ойыны, соның ішінде плей-офф Кельнде, ал 30 матч Парижде өтеді.
Биылғы Ресейде өтіп жатқан хоккейден әлем біріншілігіне €20 млн жұмсалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Германия мен Францияда өтетін хоккейден 2017 жылғы әлем чемпионатының бюджеті жария етілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110249/)