![Айым Мейіржанова - «Таңшолпан таңдайды» байқауының алғашқы қатысушысы (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60885.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
8 жастағы Айым Мейіржанова - «Таңшолпан таңдайды» байқауының алғашқы қатысушысы. Ол көркем гимнастикамен 4 жасынан бастап айналысып келеді.
«Көркем гимнастика танымал спорт түрі болғандықтан, қыздарын жетелеп алып келетін ата-аналар көп. Астана қаласы бойынша қазір 4-6 жас аралығындағы 2 мыңнан астам қыз бала жаттығып жүр.
Алғаш келгенде жаттығуды жарты сағаттан бастаймыз. Бұл меже уақыт өткен сайын ұзарып отырады. Қазір спорт шеберлері күніне 4-5 сағат жаттығу жасайды», дейді Астана қаласы бойынша көркем гимнастикадан аға жаттықтырушы Меруерт Төлегенқызы.
Естеріңізге саламыз, «Таңшолпан таңдайды» байқауы мамыр айының соңына дейін жалғасады. Сайысқа 10-жасқа дейінгі талантты балалар қатыса алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news= Айым Мейіржанова - «Таңшолпан таңдайды» байқауының алғашқы қатысушысы (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110274/)