![Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинақтары 6,09 трлн теңге болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60974.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Барлық зейнетақы жарналары бойынша 10,1 млн-нан аса, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша шамамен 9,7 млн-нан аса шарт жасалды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны - 398 472, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша - 38 835 болды. 2016 жылдың басынан бастап алынған және салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табыс 127,37 млрд теңгеге жетті», - делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылғы төрт ай ішінде 73,23 млрд теңге БЖЗҚ-дан төленсе, оның ішінде 6,74 млрд теңге сақтандыру ұйымдарына аударылды.
Айта кету керек, қор салымшылары enpf.kz сайты, «ENPF» ұялы қосымшасы немесе e-gov порталы арқылы жарналар түсімін бақылай алады. Салымшылардың жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алуы бойынша ыңғайлы әрі тиімді электрондық қызметтері қолданысқа енгізілген сәттен бастап 2016 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде ұялы қосымшадан 201 мың үзінді көшірме жүктелген және электрондық үкімет порталынан 290 мың үзінді көшірме алынған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинақтары 6,09 трлн теңге болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110363/)