![Солтүстікқазақстандық жеңіл атлеттер Риодағы Олимпиада ойындарына тағы екі лицензия ұтып алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_61083.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
24-26 мамыр аралығында Алматыда ересектер арасында жеңіл атлетика бойынша ҚР кубогі мен чемпионаты өтіп жатыр. Додада солтүстікқазақстандық жеңіл атлеттер Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына тағы екі лицензия ұтып алды.
Мұндай жетістікке Екатерина Эктова (секіру) және Маргарита Мукашева (800 м жүгіру) қол жеткізді, деп хабарлады СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
«Алматыда Екатерина Эктова 14,16 м (Олимпиада лицензиясын ұтып алуға жол беретін ең төменгі көрсеткіш 14,10 м) нәтижесін көрсетсе, ал Маргарита Мукашева 800 метрді 2 минут 00,87 секунд ішінде жүгіріп өтті. Бұл Рио ойындарына лицензия алу үшін жеткілікті», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, осыған дейін үш қарғып секіруден Ирина Эктова Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстікқазақстандық жеңіл атлеттер Риодағы Олимпиада ойындарына тағы екі лицензия ұтып алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110472/)