![Алматыда бағдарға кондиционермен жабдықталған автобустар шығарылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_61113.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда кондиционері бар автобустар жүретін болды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Periscope желісіндегі аккаунтында онлайн трансляция кезінде мәлім болды.
«Дэу» маркілі жаңа автобустар №2 автопаркке беріледі. Көліктер Семей қаласындағы машина жасау зауытында жиналған.
«Қазіргі таңда газбен жүретін 10 автобус жеткізілді. 25-і шілдеде қалаға жетеді. Кейінірек қабылдау-тапсыру актілері жасалып, мемлекеттік нөмір беріледі. Аталған автобустарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалған. «Оңай» жүйесі енгізіледі», - делінген бейнетрансляцияда.
20 маусым-1 шілдеде ішкі маршруттар 35 автобуспен толықтырылады.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда бағдарға кондиционермен жабдықталған автобустар шығарылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110501/)