![Мадридтік «Реал» 11-ші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_61248.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Испандық футбол клубы «Реал» Чемпиондар лигасының финалында пенальтиден испандық «Атлетиконы» жеңіп, 11-ші рет жеңімпаз атанды.
Кездесу Миланда, 80 мың адамға арналған «Сан-Пиро» стадионында өтті. Матчтың негізгі және қосымша уақыты тең аяқталды - 1:1.
Гол салғандар - «Реал» қорғаушысы Серхио Рамос (15-ші минут). «Атлетико» жартылай қорғаушысы Янник Феррейры-Каррасконың (79) дәл соққысымен жауап берді. 48-ші минутта «Атлетиконың» жартылай қорғаушысы Антуан Гризманн өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Ол тепкен доп қақпаның маңдайшасына тиді.
Матч соңындағы пенальтиде «Реал» ойыншыларының соққылары қарсыластарына қарағанда дәлірек болды. Жалпы есеп - 5:3.
«Реал» Чемпиондар ликасындағы жеңістер саны бойынша рекордшы атанып отыр. Мадридтік команда ең айтулы еуропалық клубтық турнирдің он бірінші рет жеңімпазы атанды.
Бұл Еуропадағы осы турнирді қатарынан бес рет жеңген ( 1956 жылдан 1960 жылдар кезеңі аралығында) жалғыз клуб.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мадридтік «Реал» 11-ші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110637/)