![Головкин Роналдудың шақыруымен Чемпиондар Лигасының финалдық ойынын тамашалады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_61252.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Геннадий Головкин командасымен бірге мадридтік «Атлетико» мен «Реал» арасында өткен Чемпиондар Лигасының финалдық ойынына барды, деп хабарлайды Sports.kz.
Корольдік клубтың жеңісінен кейін GGG португальдықты матчқа шақыруы үшін Instagram-да алғыс айтып, сәйкес фотосын жариялады.
«Мадридтік «Реалды» 2016 жылы Миланда ЧЛ финалындағы жеңісімен құттықтаймын. Шақыруы үшін Криштиану Роналдуға айрықша алғыс. Біз Сан-Сиро стадионында тамаша кеш өткіздік»,-деп жазды Гена.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Головкин Роналдудың шақыруымен Чемпиондар Лигасының финалдық ойынын тамашалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110644/)