![Бүгін Е.Брусиловскийдің «Дудар-ай» операсы алғаш рет Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылған күн](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_61273.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
63 жыл бұрын (1953 ж.) 30 мамыр күні Е.Брусиловскийдің «Дудар-ай» операсы алғаш рет Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылды.
Либреттосы - А.Хангелдин, режисері - Қ.Байсейітов.
Орыс қызы Мариям мен қазақ жігіті арасындағы нәзік махаббат сезімі «Дудар-ай» әні арқылы беріледі. Композитор қазақ, орыс ән-күйлерінің ырғақтары мен интонацияларын кеңінен пайдалана отырып, екі халыққа түсінікті, ортақ музыкалық тілді табуға талпыныс жасаған. Лейтомотив ретінде қолданған «Дудар-ай», «О, сен кең дала», «Эх ты доля» әндерінің төңірегінде өрбіген әуез, саздар шығарманың өн бойына көрік беріп тұр.
Операның премьерасында Думан партиясын Ә.Үмбетбаев, Мария партиясын Э.Епонешникова орындаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Е.Брусиловскийдің «Дудар-ай» операсы алғаш рет Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылған күн&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110661/)